Кариб теңізіндегі кемелер: Ұлыбритания АҚШ-пен барлау деректерін бөлісуді тоқтатты

Ұлыбритания Кариб теңізіндегі кемелер қозғалысына қатысты АҚШ-пен барлау деректерін бөлісуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап.

Бұл шешім Лондонның АҚШ-тың теңіздегі соққы операцияларына қатысудан бас тартуымен байланысты. Ұлыбритания аталған соққыларды «халықаралық құқыққа қайшы» деп санайды.

CNN дерегінше, соңғы бірнеше жыл бойы Ұлыбритания АҚШ Жағалау күзетіне есірткі контрабандасына қатысы бар күдікті кемелер туралы барлау мәліметтерін беріп келген. Бұл ақпараттар Вашингтонға күдікті нысандарды ұстауға мүмкіндік жасаған.

Қазіргі таңда АҚШ Венесуэла билігін есірткі саудасымен күресте әрекетсіздік танытты деп айыптап отыр. Осы мақсатта Кариб теңізінде сегіз әскери кеме, бір атомдық сүңгуір қайық және 10 мыңнан астам әскери қызметкер орналастырылған.

The New York Times дерегінше, бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) Венесуэлада жасырын операциялар жүргізуге рұқсат берген. Кейбір ақпарат құралдары АҚШ-тың есірткі картельдеріне қарсы әскери әрекетке баруы мүмкін екенін хабарлағанымен, Трамп Венесуэла аумағына соққы беруді жоспарламайтынын мәлімдеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы