Кариб дағдарысы: Мадуро Трамппен келіссөз жүргізуге дайын

Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-пен тікелей диалогқа дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтонмен келіспеушіліктер әскери қақтығысқа әкелмеуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Мен Трампты құрметтеймін. Біздің келіспеушіліктеріміздің ешқайсысы Оңтүстік Америкада ауқымды соғысқа себеп болмайды, – деді Мадуро.

Осыған дейін ол АҚШ-тың Кариб теңізіндегі әскери қатысуына жауап ретінде азаматтық милицияларды жұмылдыруға бұйрық берген. Ресми дерекке сәйкес, елде 12,5 млн-нан астам жауынгер мен милиция бар.

Мадуро Вашингтонды «режимді күштеп өзгерту жоспарын тоқтатуға» шақырды. АҚШ әкімшілігі, өз кезегінде, Венесуэла билігін есірткі картельдерімен байланысы бар деп айыптап отыр. Трамп үкіметі аймаққа мыңдаған әскери күш пен әскери техника жіберген.

Мадуро бұл айыптауларды жоққа шығарып, Венесуэла «кока жапырақтары мен кокаин өндірісінен таза» екенін алға тартты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Evan Vucci, Matias Delacroix / AP
Өзгелердің жаңалығы