Қаражат желге ұшып жатыр. Депутат тиімсіз жұмсалып жатқан субсидиялар туралы айтты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Аграрлық салаға бөлінетін субсидиялар тиімсіз және мақсатсыз жұмсалып жатыр. Бұл туралы Сенат отрысында депутат Андрей Лукин айтты.
Жалған келісімшарттар жасалып, шындыққа жанаспайтын ақпараттардың берілетіні де жасырын емес. Соның салдарынан қаражат желге ұшып жатыр. Жағдайды жақсарту үшін қазіргі ережелерді қайта қарау керек. Соңғы 5 жылда жеңілдікпен берілетін несие мен субсидияға 2,9 трлн теңге бөлінген. Алайда, субсидияны беру механизмі жабық күйде қалып отыр және ережелері де жетілдіруді қажет етеді. Дәл осы себептен бұл салада сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркеледі, - дейді депутат.
Оның айтуынша, 2018-2020 жылдар ішінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысты 144 қылмыстық іс тергелген екен.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 57 іс қозғалған. Ал субсидияны жымқыру бойынша 87 сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Салдарынан мемлекетке 2,1 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді. Ұсынылған ақпараттар мен деректердің дұрыстығына тек ауыл шаруашылығы өндірушілері жауапты. Олар шаруалардың өтінімдерін қысқа мерзімде қарап, деректердің толық екеніне ғана көңіл бөледі, - дейді Андрей Лукин.Сондықтан агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау ережелерін қайта қараған жөн деп отыр.
Сол арқылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өтінімдерін тексеру бойынша жергілікті атқарушы органдардың және субсидия төлемдерін жүргізетін жауапты лауазымды тұлғалардың міндеттерін қарастыру қажет, – деді сенатор.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
11 млрд теңге жұмсалған жоба депутаттың ашуын тудырды
Өзгелердің жаңалығы