Токио-2020. Софья Берульцева Олимпиададағы ойынын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Олимпиада ойындарында каратеден әйелдер мен ерлер арасында бәсекелер жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан сапынан жарысқа Софья Берульцева қосылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Каратенің кумитэ санаты бойынша әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Софья Берульцева жарысты бастады. Топтық кезеңдегі алғашқы қарсыласы үш дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемионатының екі дүркін жүлдегері түркиялық Мельтем Ходжаоглу болды. Екеуара кездесу 5:5 есебімен аяқталды.
Отандасымыз Софья Берульцеваның келесі қарсыласы Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семераро болмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да 2-3 балдық жерасты дүмпуі болды
Келесі жаңалық
2025 жылы отандық өндірісте 22 000 жаңа жұмыс орны ашылды
Өзгелердің жаңалығы