24 Сәуір 2025 2025, 12:13
Фото: olympic.kz
Каратэден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының (-60 кг) қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс (2008) және қола жүлдегері (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ, спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.
Еске сала кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.