Каратэден Олимпиадаға жолдама алған тұңғыш қазақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дархан Асаділов – каратэден Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиаданың жолдамасын иеленген тұңғыш атлет.

Біріккен 67 килоға дейінгі салмақта бақ сынайтын татами шебері өткен жылы Дубай қаласындағы бәсекеде қажет ұпайға қол жеткізіп, жолдама мәселесін түпкілікті шешкен болатын. Дархан 2020 жылы өткен 11 Premier League кезеңінің 8-інде топ жарған.

Ол 1987 жылы 27 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2008), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2017), Әлем чемпионатының қола жүлдегері. (2018), Premier League және Serie A турнирінің бірнеше дүркін жүлдегері. 

Қазір 33 жастағы спортшы 9817.5 ұпаймен каратэден Олимпиада рейтингінде көш бастап тұр. Екінші және үшінші орында келе жатқан италиялық Анджело Кречензо (7350 балл) мен түркиялық Самдан Ерай (6772.5 балл) қалған кезеңдерде жеңіске жеткенімен нәтижеге еш өзгеріс енгізе алмайды.

Биыл каратэ алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы