Каратэ: Түркиядағы турнирде Әсел Қанай қола жүлде алды

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде Әсел Қанай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол қола жүлде үшін таласта франциялық Леа Авазериді 4:2 есебімен есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған жарысқа 60 елден үздік 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынап жатыр.

Халықаралық турнирде енді тағы екі қазақстандық спортшы қола медаль үшін таласады. Ел құрамасынан (75 келіде сайысқа түсіп жатқан Әбілмансұр Батырғали және Нұрқанат Әжіқанов қола медальді сарапқа салады.

Ал 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай алтынға таласуға мүмкіндік алды. Ол бұдан бұрын Азия ойындары мен біріншілігінің күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы атанған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы