Каратэ: Қазақстандық спортшы Каирде алтынға таласады

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Берульцева 68 келіден жоғары салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Ұлыбритания өкілі Рошель Уолтерсты жеңді.

Отандасымыз шешуші бәсекеде германиялық Йоханна Кнерпен кездеседі.

Ал қола медаль үшін Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) сынға түседі.

Финалдық кездесулер 30 қарашада сағат 22:00-ден кейін өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы