Қазақстандық каратеші премьер-лига турнирінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәскеуде өтіп жатқан каратеден Премьер-лига турнирінің алғашқы күнінде қазақстандық Ермек Айназаров финалға жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы Ямайка, Италия, Австрия және Беларусь спортшыларын жеңіп, жартылай финалда Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері, италиялық Луиджо Бусамен кездесті. Жекпе-жек тең есеппен аяқталған соң сенщю әдісін қолданған Ермек финалға жолдама алды.  Жексенбі күні өтетін финалдық сында қазақстандық каратеші Әзірбайжан өкілі, бес дүркін әлем чемпионы Рафаэль Агаевпен кездеседі. 

Ермек Айназаров Азия чемпионы, әлемдік рейтингіде 15-орында келеді. Сондай-ақ, 60 келідегі Дархан Асаділов қола медаль үшін өз командаласы Дәулет Шымырбековпен кездеседі. Ол жұбаныш кездесуінде румыниялық спортшыны жеңген болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы