Қарашөкеев ауыл шаруашлығына енгізілетін 3 жобамен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Биыл 10 айда тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,6%-ға өсіп, 1,8 трлн теңге болды. Есептік кезеңде тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 5,9%-ға ұлғайып, 81,8 млрд теңге болды, -деді ол.

Қарашөкеевтің сөзінше, заттай мәнде осы жылдың 10 айында жарма өндіру көлемі 5,3%-ға, крахмал өнімдерін өндіру көлемі 18,7%-ға, жеміс және көкөніс шырындарын өндіру көлемі 2,8%-ға, қант өндіру көлемі 2,6 есе, қышқыл сүт өнімдерін өндіру көлемі 5%-ға, сары май өндіру көлемі 9%-ға артқан.

Оның айтуынша, ұн өндіру көлемі 4,5%-ға, өсімдік майын өндіру көлемі 3%-ға, шұжық өнімдерін өндіру көлемі 0,4%-ға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 29 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде жалпы қуаты 34 мың тонна ет өңдеу бойынша 6 жоба, жаңғырту және құрылыс есебінен жалпы қуаты 96 мың тонна сүт өңдеу бойынша 10 жоба, 530 мың тонна майлы дақылдар өңдеу бойынша 3 жоба және жылына 200 мың тонна бидайды тереңдете өңдеу бойынша 1 жоба, жалпы қуаты 23,5 мың тонна макарон және жарма өнімдерін өндіру бойынша 3 жоба іске қосылды, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы