Қараша айына арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет биылғы қараша айына арналған алдын ала ауа райы болжамын ұсынады.

Қараша - күзден қысқа біртіндеп ауысу кезеңі. Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында, 03 қарашадан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінде, онкүндіктің соңында республиканың солтүстік-батыс жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі (солтүстік жартысында бұрқасын) мүмкін, – делінген хабарламада.

3-4 қарашада республиканың басым бөлігі Карск теңізі аудандарынан ығысатын суық антициклонның ықпалында болады, ауа температурасының төмендеуімен аязды, нағыз қысқы ауа райы болжанады (батыс аймақтарды қоспағанда).

Батысында түнде 0,+8°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан 0,+10°С-қа дейін;

Солтүстік-батыста, орталығында және шығысында түнде -5+5°С-тан -5-15°С-қа дейін, қиыр шығыста -20°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-тан -3-10°С-қа дейін;

Оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3+5°С-тан -1-13°С-қа дейін, күндіз +10+16°С-тан -5+3°С-қа дейін.

Бірақ кезеңнің ортасынан бастап температура фоны біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклон анықтайтын болады. Соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады: екпінді жел, бұрқасын, тағы да жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Содан кейін суық ауа массаларының Ресей аумағынан енуіне байланысты екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында және соңында температуралық фонның төмендеуі болжанады, – дейді синоптиктер.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында ең суық күндері түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында – түнде -5-17°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа дейін түсуі мүмкін.

Күндізгі уақытта елдің солтүстік жартысында аяздың әлсіреуінде ауа температурасы әлсіз оң мәндер шегінде болады, оңтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы