Карантиннен кейін кәсіпкерлерді төмен пайыздық несиемен қолдау керек – Рахым Ошақбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Танымал экономикалық сарапшы "Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев карантиннен кейін елді дағдарыстан алып шығудың төте жолын ауыл шаруашылығына көңіл бөлу деп отыр.

Өткен аптада Елбасы жиналыс өткізді. Сол кезде ауыл шаруашылығын дамыту баса айтты. Өйткені карантиннен кейін бізді экономикалық тығырықтан алып шығатын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы болмақ. Өкініштісі, бізде бюрократиялық процедураларға байланысты қаржыландыруға қатысты шешімдер кешеуілдеп жатыр. Бұл бағытта жұмысты барынша жеделдету керек, - деді Рахым Ошақбаев.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығын қаржыландыру тұрғысында жалғыз банк секторына сеніп отыру дұрыс емес.
Банк бәріне уақытында ақшаны жеткізе алмайды. Әсіресе, шағын және ұсақ бизнес өкілдеріне қиын. Сондықтан бізге жаңа тәсіл керек секілді. Оның үстіне, мына дағдарыстың сипаты теңдессіз болып тұр. Мүмкін, тіпті елде Агробанк ашуға дейінгі қадамдар жасап көрген дұрыс болар. Сосын несие беретін ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдардың бәрін бір қаржы ұйымына біріктіріп, сол арқылы кәсіпкерлерді төмен пайыздық несиемен қолдаған жөн деп санаймын, - дейді экономист. 

Оның айтуынша, кепілдік қалдыру тәртібінен кетіп, нақты бизнес-жоспарларға қаражат аудару дұрыс.
Мен осы жерде Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіре аламын. Шығыстағы алпауыт елде өте төмен пайызбен, кепілсіз әртүрлі саланы, оның ішінде ауыл шаруашылығын несиемен қолдаған мемлекеттік банктер болды. Бізге де осындай тәжірибе қажет. Бұл фермерлерге тиімді, - дейді Рахым Ошақбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы