Карантинге жатқызылған аурухана қызметкерлерімен кездесу өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасында коронавирус індетінің өршуіне байланысты менің тапсырмам бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров және ТКҚСҚБК төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен бірлесіп, "Көктем" шипажайында карантинге жатқызылған аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізеді.
Туындаған сұрақтар мен күдіктер еш эмоциясыз, заңға сәйкес шешілетініне сенімдімін. Менің тапсырмам бойынша, Алматыдағы медициналық мекемелерде инфекцияның шығу ошағын зерттеуді тәжірибелі эпидемиолог, ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (ТКҚСҚБК) төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов жүргізеді,-делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда тағы бір науқас көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы