Карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралу үшін кемінде 10 млн адам вакцина алуы тиіс – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық эпидемияға қарсы шараларды сақтамауын жалғастырып, вакцинациялаудан бас тарта беретін болса, індеттің әрі қарай өршуі болжануда. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, республика халқының кем дегенде 60% тұрғыны екпе алуы тиіс.
Басқаша айтқанда, ел аумағындағы 10 млн-нан кем емес адам вакцинацияланса ғана әдеттегі карантинсіз өмірге орала аламыз. Сондай-ақ экономикамыз тұрақталып, балалар балабақша мен мектептеріне, студенттер дәріс залдарына, жалпы туған-туыс, дос-жарандарымызбен еш қауіпсіз араласатын бейқам тіршілігімізді қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Дәл қазіргі кезеңде вакцинациялау өзін-өзі оқшаулау мен карантиннің жалғыз баламасы болып отыр дейді мамандар. Көп жылдан бері қалыптасқан вакцина салу тәжірибесі денсаулық сақтау саласындағы басқа бірде-бір әдіс аурушаңдық пен өлім-жітімнің деңгейін қысқарта алмайтын көрінеді.
Сонымен қатар иммундық жүйені күшейтудің тиімді де қауіпсіз түрі де осы екен. Осы орайда, кез келген вакцинаны алып қарасаңыз, вакцинациялауға кететін шығындар науқастарды емдеуге жұмсалатын қаражаттан 10 есе аз дейді денсаулық сақтау саласының ведомство өкілдері.