Карантиндік тауар тасымалына тосқауыл

Атырау облыстық аумақтық инспекцияның қызметкерлері Ресейден келген карантиндік тауарды Қазақстанға кіргізбеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11 тамызда Атырау облыстық аумақтық инспекцияның Құрманғазы филиалының қызметкерлері кезекшілік бақылау және қадағалау шаралары барысында заңнама талаптарына сәйкес келмейтін карантиндік өнім тасымалдаған жүк көлігін анықтады.

Көлік құралы Ресей Федерациясынан келе жатқан. Тексеруден кейін инспекторлар жүк көлігін кері қайтарып, тауардың Қазақстан аумағына енуіне жол бермеді.

Ведомство мұндай шаралар қауіпті карантиндік нысандардың таралуын болдырмау және елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз / Атырау облыстық аумақтық инспекциясы
Өзгелердің жаңалығы