Карантиндегі елорда. Көрерменсіз көктемнің көркі (фоторепортаж)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мамыр айының 30-ы. Көктемнің аяқталуына бір-ақ күн қалды. Осы ретте кеш келіп, ерте кеткен көрерменсіз көктемнен фоторепортаж ұсынамыз.

Көктем көркі – көкорай шалғын, көкмайса еді. Ешкім тамашалап үлгермеген көкорай көктемді тастап, жазға аяқ басты.

Алайда, карантинде үйде отырып шашы өсіп, шаштаразға асыққан қала тұрғындары секілді, көкорай шалғынды да тегістеп, әдемілеп қойғанға не жетсін?!

Көктемді қимағандай көк қарғаның балапаны да мұңая қарайды.

"Көтермесе көңілді кір басады..." дегендей жиі-жиі тазалап тұрмаса, субұрқақтардың түбіне тұнған лай көше көңілін басып тұрғандай.

Адамы аз көшенің көліктері де қатты жүретін секілді. "Жасылыңды жақшы, бағдаршам?!"

"Рахмет, қайырымды балақай, сен жаққан бағдаршамның жасылынан біз де өтіп үлгерейік!"

Ән салатын субұрқақ, кімдерге күй тыңдаттың, кімдерге ән арнадың?

Жылына мыңдаған жанның алақанының табы қалар "Бәйтерек" те биыл аласарып қалғандай...

Гүлзарлар, гүлзарлар, гүлзарлар... Ақ қыстан қалған ызғар бар... Аралап жүрген гүлзарды, әппақ гүл сынды қыздар бар...

Жағадағы қос мүсін де астаналықтарды күте-күте жалығып кеткендей...

Екі сотқар.

Әлемдік пандемия Қазақстанды айналып өтпеді. Сақтықта қорлық жоқ.

Қала күнін гүлмен қарсы алу дәстүрі үзілмейді.

"Ел жатса да, енекем жатпайды". Жаз шықса да, бағбан-ана демалмайды.

"Екі көзім "фейс-те", хабарым жоқ кей істе..."

Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада... 

Астананың асфальтында бала болып қалсам ғой қаз-қалпымда...

Карантин қаланың қарбалас тіршілігіне тыйым сала алмағандай.

Көрерменсіз көктемде көк кептерлерге көмектесудің өзі көңілге медеу.

Баспалдақ-бұлақ, ағасың тастардан құлап...

Тәуелсіздік ұрпақтары – бейбітшілік тарихының парақтары.

"Бұл коронавирус деген бәле болды ғой..."

"Ханшатыр" ОСО ашылды, ішінен сауда шашылды.

Жаз шығып желіге құлын байланар. Көктемде велик көпшілік көлігіне айналар.

Астана көктеміне көрік берген цирк ғимараты да көрерменсіз қалғанына көңілсіз секілді.

Салауатты өмір салтын ұстану қарттыққа қарамайды.

Жазға асыққан жүгірмектер.

"Домбыра күніне" дайындық.

"Дәулескер"

"Сырғаңды қайық қылып өткіз мені" деп қинаушы едің, енді "Атырау көпірінен" жетектесіп-ақ өтіп кетейік".

Құс ұшар биікпен таласқан құрылыс.

Темірден түйін түйіп, шеменнен шілтер тоқыған шеберлер.

Әр қазақтың өмірі "Астана уақытымен" есептеледі.

Есілдің жағасы елорданың тынысына айналған.

Хан Кенесарының ескерткіші халқына рух беріп тұрғандай.

Көңілді арбаған "Арбаттың" да көркі кіре бастапты.

Биылғы көктемде "Ғашықтар көпіріне" келушілердің қарасы тым аз...

Астананың аптабында жанға сая болар жалғыз жер – субұрқақтар маңайы.

Көктеммен қимай қоштасу.

Ел тарихын арқалаған екі ханның еңселі ескерткіші елдігімізді айшықтаған ерекше нысан.

Биылғы көктемнен қандай жәдігер түсті екен бұл музейге?..

Көктем қолтаңбасы.

Көрерменсіз көктемнің қимас достары.

Ел жүрегі – NUR-SULTAN, Жан жүрегім – NUR-SULTAN!

Қазақстанда 1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер алынады.

Дегенмен блок-бекеттер алынғанымен карантин режимі сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтырғандар саны дәл қазіргі таңда 10 мыңнан асты. 37 адам қайтыс болса, 5 мыңнан аса адам емделіп шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы