Карантин талаптарын жеңілдету экономикаға оң әсерін тигізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның карантин талаптарын жеңілдету туралы шешімін бірқатар қоғам белсенділері қолдап отыр.

Олардың айтуынша, карантиндік режимді кезең-кезеңімен жеңілдету дәл қазіргі уақытта оңтайлы шешім.

Денсаулық сақтау жүйесіндегілер кәсіпорындардың жұмысын ашуға рұқсат берген болса біз мүмкіндігінше тезірек барлық кәсіпорындардың жұмысын қайта жандардыруымыз керек. Себебі 2019 жылмен салыстырғанда ЖІӨ өндірісі 2-3% пайызға төмендеді. Халқымыз экономикаға жақсы көңіл бөліп, мына мемлекеттік комиссияның шешімін бұлжытпай орындау арқылы экономикамызды да, халықтың денсаулығында жақсартуға әрекет етеміз, - деді экономист-сарапшы Сапарбай Жұбаев.

Ал, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Нұрлан Өтешов халықты сабыр сақтауға шақырды.

Мен комиссияның бұл шешімін қолдаймын. Неге десеңіздер, бұл еліміздегі әр азаматтың өмірімен баланысты шешім. Сондықтан сабыр сақтайық, сақтық шараларын ұмытпайық, - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Нұрлан Өтешов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы