Карантин талаптарын ең көп бұзатын өңірлер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин талаптарын сақтаңыз! ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның туындауы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомство аралық коммиссия тұрғындарға ескерту жасады.
Карантиндік талаптарды бұзғаны үшін жазалар туралы күнделікті жарияланымдарға қарамастан, қазақстандықтар өз денсаулығына және қаржысына қауіп төндіруде. Ағымдағы жылдың 2-8 қарашасы аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша азаматтарға 1 329 әкімшілік айыппұл салынды - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, эпидемияға қарсы шаралардың ең көп бұзылуы Түркістан облысында – 237, Шығыс Қазақстан облысында-217, Алматы облысында – 106 және Ақмола облысында – 101 фактісі анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 83 340 теңге (30 АЕК), лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 230-дан 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.