Карантин талаптары. Қымбатқа түскен қыдырыс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин режимін бұзған оралдықтар 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлеулейді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері кейбір азаматтардың қоршаған ортаға деген санитариялық-эпидемиологиялық жауапкершілігінің төмен екендігі байқалды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей COVID-19-бен ауырғандар және олармен байланыста болғандар карантиндік шараларды сақтамай, оқшаулау режимін бұзып қоғамдық орындарға бару жағдайлары тіркелу үстінде - делінген хабарламада.
"Ashyq" қосымшасының деректері бойынша тамыз айында Батыс Қазақстан облысында адамдар көп жиналатын жерлерге екі аптаға оқшаулауға жататын 596 келуші анықталған, оның ішінде "қызыл" мәртебесі бар-351, "сары" мәртебесі бар – 245 адам. Үй карантинін бұзушылардың ең көбі Орал қаласында тіркелді. ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 237 азамат және жұқтырғандармен байланыста болған 137 адам ойын сауық орталықтарында, тамақтану орындары, базарлар мен ірі сауда желілеріне кіруге тырысқан.
Анықталған бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 2 683 640 теңге көлемінде 62 әкімшілік хаттама толтырылды.