Карантин: ШҚО-ның бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиевтің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, - делінген хабарламада.
Сырқаттанушылық деңгейі жоғары («қызыл аймақ») Өскемен, Семей қалаларында және Аягөз ауданында:

1) Қаулының 4-қосымшасындағы 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер)

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй–жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда -  толтырылуын 30%-дан асырмай және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана шектеусіз жұмыс істей алады

               

2) Қаулының 4-қосымшасындағы 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО, көтерме-бөлшек сатудың сауда-логистикалық орталықтары)

Азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күні жұмыс істемейді

Жұмыс күндері толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді  

Балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынған

СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

Ауданы 1000 ш.м. асатын сауда объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады

3) Қаулының 4-қосымшасындағы 46-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Тұрақты облысішілік автобустардың, шағын автобустар және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының, сонымен қатар автовокзалдардың, автостанциялардың және өзге де жолаушылар көлігі кәсіпорындарының жұмыс істеуі

Рұқсат етілген:

- «Карантин оның ішінде шектеу шараларының қолданылу кезеңінде жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдау жұмысы туралы үшжақты меморандум» жасасу кезінде;

- толтырылуы отыратын орындар санынан 75%-дан аспаған кезде (қызметкерлердің ауысымы немесе вахта қайта ауысқан кезде оларды тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдарды қоспағанда);

- жүргізушілердің, кондукторлар мен жолаушылардың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киюі кезінде;

- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалған шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданылу кезеңінде жұмысқа қойылатын профилактикалық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтау кезінде

Өскемен, Семей қалаларын және Аягөз ауданын қоспағанда, сырқаттанушылық деңгейі қалыпты («сары» аймақ) облыстың аудандары мен қалаларында:

4) Қаулының 2-қосымшасындағы 16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер)

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй–жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

Сауда залының ауданы 50-ден 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда - толтырылуын 30%-дан асырмай және 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана шектеусіз жұмыс істей алады

5) Қаулының 2-қосымшасындағы 17-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Азық-түлік және әмбебап ассортименттегі азық-түлік емес тауарларды, оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша сауда объектілері (супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, сауда желілері, СОО, көтерме-бөлшек сатудың сауда-логистикалық орталықтары)

Толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

Балалардың ойын-сауық, ойын алаңдарының, аттракциондарының жұмыс істеуіне тыйым салынған

СОО-дағы қоғамдық тамақтану объектілеріне тек алып шығуға және жеткізуге ғана жұмыс істеуіне рұқсат етіледі

Азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді қоспағанда, объектілер жексенбі күні сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді

Ауданы 1000 ш.м. асатын сауда объектілерінде келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін объектілер қызметкерлері қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады

6) Қаулының 2-қосымшасындағы 18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:


Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, зоодүкендер)

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 ш.м. дейінгі үй-жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде болған кезде

Сауда залының ауданы 100 ш.м. дейінгі үй-жайларда - тиісінше 8 адамнан аспаған кезде

Сауда залының ауданы 100 ш.м. астам болғанда - толтырылуы 30%-дан аспағанда, бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. болған кезде

Шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік тауарларын сатпайтын сауда объектілері жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады

Ауданы 2000 ш.м. асатын азық-түлік тауарларының сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілген

Осы қаулы 2021 жылғы 23 сәуірден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы