Карантин. ШҚО-да қандай шектеу шаралары енгізілді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаиловтың Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы 3.07.2020 жылғы №16 қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері төмендегі құжаттарды бекітті.

"Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, "Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген); 

"Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, "Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);

"Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан  әрі күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысын;

"Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысын.

Облыстың бас санитары өткен аймен салыстырғанда өңірдегі сырқаттанушылық деңгейі 4 есе өскені байқалғандығын айтты. Осыған орай ол қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеу шараларына қатысты қаулысын жариялады. 

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, COVID-19 науқастарына арналған төсек қорының қамтылу пайызы (ТҚҚП) өлшемшарттары – 41% және 7 күн ішінде R>1.11 репродуктивті санының орташа мәні негізінде, облыста коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап, өткен аймен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 4 есе өскені байқалғандығын анықтадым. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150 - бабы негізінде, қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, жеке және заңды тұлғаларға,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілдедегі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 19 шілдедегі сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
2. Облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекаралары белгіленсін.
3. Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылау 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып 402 шаршыда (Өскемен қаласы – 200, Семей қаласы - 202) жүзеге асырылсын.
4. Күн сайын сыртқы орта объектілеріне (көлік, оның ішінде такси, ғимараттар, құрылыстар, көшелер, аялдамалар, саябақтар және т.б.) дезинфекция және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, барлық елді мекендер аумағында ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар жүзеге асырылсын.
5. Автомобиль көлігінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын:

1) облыстың, қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысы күндізгі уақытта шектелсін және түнгі уақытта сағат 22.00-ден 5.00-ге дейін тоқтатылсын;
2) Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасының басқа облыстарымен, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларымен қалааралық автобус қатынасын уақытша тоқтата тұру;
3) облыстың аудандары мен қалалары арасында жеке автокөлікте қозғалыс сақталсын;
4) Өскемен және Семей қалаларында жеке тұлғалардың жеке көліктерінің қозғалысы «нөмірдің соңғы санының жұп, тақ саны» қағидасы бойынша шектелсін;
5) Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген автокөліктің қозғалысына шектеуді бақылау өңірлік полиция бөлімдеріне жүктелсін. 3-ауысым режимінде 8 сағаттан патрульдеу қарастырылсын;
6) сенбі мен жексенбіде, сондай-ақ мереке күндері облыстың, қаланың, ауданның және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, қоғамдық және жеке көліктің жүруіне тыйым салынсын;
7) облыстың, қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған автокөлік тізімі бекітілсін.

6. Елдің және облыстың экономикасына өндірістің үздіксіз циклінде жұмыс істейтін ірі кәсіпорындармен бірлесіп:
1) персоналды жұмысқа жеткізу үшін қызметтік автокөліктің (автобустардың) қажетті саны анықталсын. Қызметкерлердің тұратын жерлерін ескере отырып, әрбір автобус бойынша жауапты адамдарды тағайындаумен, маршруттардың кестелерін және бекітілген маршрут бойынша қозғалатын адамдардың тізімі әзірленіп, бекітілсін.

7. Халықтың Өскемен және Семей қалаларының аумағы бойынша I типтегі (қызметтік рұқсаттама), II типтегі (ақ және жасыл түсті) рұқсаттамалары болған кезде ғана жүріп-тұруы қамтамасыз етілсін.
Бұрын берілген II типтегі рұқсаттама жарамды. Болмаған жағдайда, рұқсаттаманы қала және аудан әкімдіктері белгілеген жерлерден алуға болады.
Рұқсаттамалардың болуын тексеру қалалық полиция бөлімдеріне жүктеледі.

8. Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері көпшілік демалыс орындарына (скверлер, саябақтар, алаңдар, жағалаулардағы серуендеу аймақтары) бару уақытша тоқтатылсын.
9. Жұмыс күндері көпшілік демалыс орындарына (скверлер, саябақтар, алаңдар, жағалаулар, серуендеу аймақтары) жеке немесе 3 адамнан аспайтын топтармен баруға рұқсат етілсін.
10. Халықтың көшелерде жүріп-тұруы шектелсін – бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық емес.
11. 65 жастан асқан адамдардың жүріп-тұруы шектелсін.
12. Ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етіледі.
13. 13. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

14. Мыналардың қызметіне тыйым салынсын:

- азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне;
- ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлар;
- барлық мәдениет объектілері (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.);
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер,  соборлар, синагога және т.б.);
- балаларды сауықтыру лагерьлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, балалардың түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар;
- фудкорттар, банкет залдар;
- СПА-орталықтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондар, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр мен педикюр қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар;
- жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар;
- тек жеткізу арқылы ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын дүкендер.

15. Мыналардың қызметтері демалыс (сенбі, жексенбі), мереке күндері тыйым салынсын және жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат етілсін:

- ауданы 500 ш. м. аспайтын азық-түлік сатпайтын дүкендерге;
- құрылыс материалдарын көтерме-бөлшек және бөлшек сату сауда орындары;
- компьютерлік, тұрмыстық техниканы, жабдықтарды сату және жөндеу салондарына;
- кір жуу, химиялық тазалау қызметтерін көрсететін ұйымдарына;
- бизнес-орталықтарына (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), айырбастау пункттерге, ломбардтарға, букмекер кеңселеріне.

16. Әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады;
17. Аймақтық және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жазылу бойынша медициналық орталықтардың, стоматологиялардың қызметі сақталсын.
18. Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлардың (ғимараттардың сыртында) қызметін күшейтілген санитариялық және дезинфекциялық режимге сәйкес сақталсын.
19. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мына объектілердің қызметі сақталсын:

- ашық ауадағы және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтану объектілері;
- үздіксіз өндірістік циклі бар құрылыс, өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
- ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы;
- ХҚКО жұмысын Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграмм- бот арқылы алдын-ала броньдау бойынша, жұмыс күндері 9.00-ден 15.00-ге дейін, Call- байланыс орталықтарының жұмысы 9.00-ден 17.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері тыйым салынады;
 - «Қазпошта» АҚ-ның жұмыс күндері 8.00-ден 14.00-ге дейін, он-лайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс кестесін құрумен ұйымдастыру;
- шектеулі жұмыс режимімен екінші деңгейлі банктерде 9.00-ден 17.00-ге дейін;
 - баспаханалар.

Қызметті жүзеге асыратын объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген талаптарын сақтауға міндетті.

20. Сауда объектілерінің меншік иелері мыналарды қамтамасыз етуге міндеттелсін:
1) санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып, объектілердің штаттық режимде үздіксіз жұмыс істеуі;
2) қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық маскалармен, қолғаптармен және т. б.), санитайзерлердің болуы;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, бірінші қажеттілік тауарларына, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена құралдарына бағаның өсуіне жол бермеу;
4) тамақ өнімдерін босату оралған күйінде (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер, т.б.) жүргізіледі.

21. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ағымды эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
22.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
23. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
24. "Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №15 қаулысының, "Өскемен қаласының тұрғындары арасында COVІD-19 туындаған коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың алдын алу бойынша одан арғы шаралар туралы" Өскемен қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 2 қаулысының, "Семей қаласының тұрғындары арасында COVІD-19 туындаған коронавирустық инфекциямен аурушаңдықтың алдын алу бойынша одан арғы шаралар туралы» Семей қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 82 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
24. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
25. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы