Карантин. Әркім өзі және жақындары үшін жауапты болу керек – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын.

Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Осыған орай саясаттанушы Самат Нұртаза Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдіріп, әркім өзі үшін жауапты болуы керек, дейді.
Мейрамханалар, сауда орталықтары, шаштараздар мен сұлулық салондары сияқты кәсіпорындарда мыңдаған жұмыс орны бар. Шағын және орта бизнес банкроттықтың аз-ақ алдында тұр және мемлекет мұны жақсы түсінеді. Сондықтан карантин ұзартылмайды. Бұл менің болжамым. Біз жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), тұмау және т.б. аурулар сияқты коронавируспен өмір сүре береміз. Сондықтан, әркім өзі және жақындары үшін жауапты болуы керек, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы