Көкшетауда карантин режимі қатайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина Көкшетау қаласындағы карантин режиміне қатысты пікір білдірді.
Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша өсім 80%-дан асты, бұл - 42 адам. Оның ішінде симптомды – 15, симптомсыз – 27. Естеріңізге сала кетейік, симптомсыз науқастар – бұл сыртынан ауру белгілері көрінбейтін адамдар: жөтел жоқ, температура және басқа да белгілер жоқ, бірақ тексеру нәтижесі оң болып табылады. Олар вирустың белсенді тасымалдаушылары, - деді ол.
Бүгінгі күні АОПТД жұқпалы бөлімшесінде емдеуге 49 адам жатқызылған, провизорлық стационарларда 63 адам бар.
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жаңарту жөнінде шешім қабылданды. 15 маусымда сағат 20.00-ден бастап Көкшетау қаласының периметрі бойынша 7 блокпост жұмысы қайта басталады. Азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерін сататын сауда объектілерінің, азық-түлік емес дүкендердің, спорт объектілерінің, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, діни мекемелердің жұмысы шектелді, - деді бас санитар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы