Карантин: Полицей адамдардың еркін жүріп-тұруы үшін 1 млн теңгеден астам пара алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары 1 миллион 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы онлайн брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті полицияның жеке күзет бөлімімен бірлескен іс-шаралар жүргізу барысында учаскелік полиция бөлімшелерінің бірінде бастықтың бірінші орынбасары 1 миллион 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстады. Ол осы ақшаға төтенше жағдай кезінде ауданда бірнеше адамның кедергісіз жүруіне рұқсат берген, - деді Қуаныш Жапақов.
Сондай-ақ, Петропавл әкімдігінің қызметкері блок-посттан автокөлік өткізгені үшін пара алды деген күдікке ілінді.
Департамент Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды адамына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі облыс әкімдігі жедел штабының мүшесі екені анықталды. Аталған адам карантиндік блок-посттар арқылы автокөліктің кедергісіз өтуіне рұқсатнаманы рәсімдегені үшін 50 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Бұл блок-посттар Петропавл қаласынан шығатын жолдарда орнатылған, - дейді аппарат басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда медбике коронавирустан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы