Карантин кезіндегі Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі коронавирусқа байланысты пандемия індетінің таралуына орай Нұр-Сұлтан қаласы толығымен карантинге жабылғаны аян. Елорданың сол жағалауындағы тыныс-тіршілік қазір қандай екенін бақылап, бейнежазбаға түсірген едік.

Қала көшелерінде бірен-саран көліктер ғана бар. Қарасы қалың халық та қазіргі жағдайға байланысты азайып, барлығы дерлік үйлерінде отыр. 


Адам саны көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары мен мекемелерге де кіруге тосқауыл қойылған. Қазіргі таңда елордамыздағы жалпыға бірдей карантин кезіндегі жағдай осындай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы