Карантин кезінде көліктер шығаратын улы заттар 60 есе азайған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі ТЖ және карантин кезінде қала экологиясы нағұрлым жақсарғанын мәлімдеді.  

Автомобиль нөпірінің болмауынан фенолдың шоғырлануы өткен жылмен салыстырғанда 60 есеге азайған. Қаланың төменгі бөлігінде PM 2.5 - PM 10 өлшенбелі бөлшектері бойынша шоғырлану үлесі көбейген, - делінген хабарламада.
Қаланың жоғарғы бөлігінде газдардың, оксид және диоксидтің азаюы байқалған.

Айта кетсек, коронавиурс инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында наурыздың 16-нан бастап Алматыда карантин жарияланған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы