Карантин кезінде балалар лагері қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтиан, BAQ.KZ. Биыл еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына сәйкес республика аумағында балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне рұқсат берілді.

Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерімен айқындалған. 

«Жасыл» аймақтағы өлшемдерге сәйкес жазғы лагерьлер шектеусіз, «сары» айматағы лагерьлер 50%, «қызыл» аймақтағы 30% жүктемемен жұмыс істейді.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 24 Қаулысымен Қазақстанда балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезіндегі қызмет алгоритмі бекітілді.

Бұл алгоритм стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналына жұмыс басталғанға дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР зерттеудің теріс нәтижесін немесе қызметкердің COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсыну кезінде жұмыс орнына кіруіне рұқсат беруді көздейді.

Әрбір бала лагерьге келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттарды (сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған 079/у үлгісіндегі медициналық анықтама), инфекциялық ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастармен байланыстың жоқтығын растайтын анықтамаларды, лагерьге келгенге дейін 72 сағат бұрын жүргізілген ПТР зерттеудің теріс нәтижесі бар құжатты ұсынуы шарт.

31 мамырдағы жағдай бойынша елімізде Алматы, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы 12 сауықтыру ұйымы санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы