Карантин кезінде ажырасу азайған
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Әділет департаментінің хабарлағандай соңғы үш айда қалада 2 367 жұп ресми түрде некесін қиған, сондай-ақ 536 отбасы ажырасқан. Бұл туралы inAlmaty.kz хабарлады.
Наурыз, сәуір және мамыр айларында 2 367 жұп некесін қиған. Ал ажырасқандар саны 536, оның ішінде 309 жағдай сот шешімімен іске асқан.2018 жылдың дәл осындай үш айында ажырасу көрсеткіші 1003 құраған. Яғни карантин кезінде ажырасу көрсеткіші екі есеге төмендеген. Ажырасуға арыз бергендердің кейбірі келмеді. Ал, некесін қиыдырып, шаңырақ көтергендердің көрсеткіші өткен жылғымен тең,-делінген департамент мәліметінде.
Бұған дейін аналитикалық зерттеу агенттігі 2019 жылы Қазақстанда 139,5 мың жұп некесін қидырып, 60 мыңы ажырасқанын хабарлаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есірткі өсіргендер ұсталды
Өзгелердің жаңалығы