Карантин кезінде заңсыз автожарыс ұйымдастырған қапшағайлық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Қапшағай қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3 бөлігін өрескел бұзған С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотқа мәлім болғандай, жергілікті тұрғын құқық бұзушы С. 2020 жылы 23 наурыз түнгі сағат 22:00 шамасы, Алматы-Өскемен тасжолында заңсыз автокөлік жарысын өткiзген.
Қапшағай қалалық соты құқық бұзушы С-ны кінәлі деп танып, оған жаза ретінде, 26510 теңге әкімшілік айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енгеннен кейін, тағайындалған жазаны өз еркімен орындауға 30 (күн) мерзім белгіленді - делінген Қапшағай қаласы сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Елімізде "төтенше жағдай" жариялануына байланысты, карантин кезінде заңсыз әрекеттерді жасау фактілері жиілеп отыр, осыған орай азаматтарды, төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауды шақырамыз.