Карантин күшейтілуі мүмкін – Павлодар облысының әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенгенін атады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында баяндады.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Соңғы аптада коронавирусты жұқтырудың 112 жаңа жағдайы тіркелді. Індеттен қайтыс болғандардың саны 13-ке жетті. Бұл аймақтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш, республика бойынша екінші орындамыз, - деп жазды Әбілқайыр Сқақов.
Індеттен көз жұмған марқұмдардың жақындарына көңіл айтқан өңір басшысы коронавируспен күрес бағытындағы атқарылып жатқан іс-шараларды атап өтті.
Бүгін мен коронавирустың алдын алу мәселесіне арналған аймақтық жедел штабтың отырысын өткіздім. Оның барысында қалалар мен аудандардың әкімдеріне, құқық қорғау органдарына, сондай-ақ, прокуратура органдары үлестіретін бақылау топтарына бірқатар тапсырма бердім. Өңірде коронавируспен күресудің кешенді жоспары қабылданды және қазіргі жағдайға қатысты барлық пікірлер ескерілді, - дейді ол. 
Сөз соңында Әбілқайыр Сқақов облыс тұрғындарын коронавирус пандемиясына қатысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы