Карантин ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылады – Біртанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халықтықты сақтық шараларына шақыра отырып, бірақ үрейге берілмеу керектігін ескертті.
Кейбір жағдайларда үйде карантинде отырған ыңғайлы. Әрбір азаматтың мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, жатақханада тұрса, біз арнайы медициналық карантинге жатқызамыз. Әрине, жауапкершілік өте маңызды. Мұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл дүние жүзіне тараған жұпалы ауру. Өкінішке қарай тез тарайды, алайда бәрін қырып тастайтын ауру емес. Кәдімгі инфекциялық ауру. Қорқып, үйде тығылып отыру дұрыс емес. Біздің заңда медициналық карантин ережесін бұзған, жауапкершіліктен қашқандарға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - дейді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, науқас адам карантинге қарсы болып, медициналық қызметкерлерге, полицияға қарсылық келтірсе, әкімшілік қамауға алынады.
Егер азаматтан ертең коронавирус табылып, басқаға жұқтырса, заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сол себепті жауапкершілікті дұрыс түсінуіміз керек. Бұл өзіннің ғана емес, туыстарының, жақындарынның алдындағы жауапкершілік. Халқтың 90 пайызы мұны түсінеді деп ойлаймын. Екі-үш айдың көлемінде мәселе шешіледі деп сенемін, - дейді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтар Ресей мен Қырғызстанға енді паспортпен барады
Өзгелердің жаңалығы