Карантин: Балалардың ойын алаңында ойнауына шектеу қойыла ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның мемлекеттік бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде балалардың аулада ойнауына қатысты пікірін білдірді.
Қаулыға балалардың аулада еркін жүріп-тұруына тыйым салу мәселесі енгізілмеген. Алайда, кәмелет жасына толмаған балалардың аулада ата-анасымен жүргені абзал. Сондай-ақ, басқа балалармен барынша байланысты азайтқаны жөн. Дәлірек айтқанда, балалар аулада ата-анасымен бірге жүріп, инфекция таралмас үшін басқа балалармен жақын араласпағаны дұрыс, - деді Есмағамбетова.
Спикердің сөзінше, карантиндік режимнің шаралары вирустың таралуын болдырмауға, аурудың берілу тізбегін үзуге бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы әскери институт он төртінші түлектерін ұшырды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы