БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысында карантиндік шаралар 15 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

 Батыс Қазақстан облысының бас санитары 23 мамырда карантинді 15 маусымға дейін ұзарту туралы қаулы шығарды.

Оның айтуынша, бұған себеп факторлардың бірі ауру деңгейінің төмендемеуі болып отыр. Егер коронавирус жұқтырғандардың саны 2 пайыздан өспесе, карантин шаралары жеңілдетіледі.

 Карантиндік шараларды ұзарту туралы шешім қабылдауға ықпал еткен тағы бір фактор - ауру ошақьарының анықталуы және жаңадан жұқтырушылардың көбеюі. Сонымен қатар, ол үй карантинінде жатқан адамдардың коронавирус белгілері байқалғанда, медициналық қызметкерлерді шақырмайтынын айтып отыр. 

Жедел-жәрдемге тек  жағдайлары нашарлаған кезде ғана жүгінеді немесе өздері ауруханаға келіп, байланыстар аясын кеңейтеді екен.

Егер апта ішінде ауру 2% -дан төмен болса,онда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Сол кезде жабылған басқа әлеуметтік нысандарды ашу мәселесі қаралады. Құрметті облыс тұрғындары! карантиндік шектеулерді алып тастау тек медицина қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметке ғана байланысты емес. Сонымен бірге сіздермен бірге бізге де байланысты,  - дейді Мұстаев.

Бүгінгі таңда БҚО-да коронавирустың 370 жағдайы тіркелген. 22 мамырдағы өсу қарқыны 2,8% құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы