Каракаста Мадуроның жақтастары президентті қайтаруды талап етті
Каракаста Венесуэлада билік басындағы солшыл "чавистер" қозғалысы жақтастарының кезекті акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.
Каракаста өткен митингте жұрт бір апта бұрын америкалық әскери күштер ұстап, АҚШ-қа әкеткен Венесуэла президенті Николас Мадуроны елге қайтаруды талап етті. Мұндай акциялар Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йоркке жеткізіліп, сот алдына шыққаннан бері күн сайын өтіп келеді.
Осы тұста Венесуэла АҚШ-пен 2019 жылы үзілген дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру жөнінде келіссөз бастағанын хабарлады. Бұл аяда уақытша президент Делси Родригес саяси тұтқындарды босату туралы мәлімдеді, 10 қаңтарға дейін 18 адам бостандыққа шыққан.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, елде 850-ден астам саяси тұтқын бар. Дональд Трамп босатуларды «бейбітшілікке ұмтылудың белгісі» деп атап, Венесуэлаға жоспарланған екінші соққы толқынын тоқтататынын мәлімдеді.
Еске салайық, 3 қаңтарда АҚШ операция жүргізіп, Николас Мадуро мен оның жұбайын Каракастан Нью-Йоркке жеткізді. Оларға бірқатар ауыр айып тағылған, келесі сот отырысы 17 наурызға белгіленген.