Қарағандылықтар орталық саябақтағы таңғы жаттығуларға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таңғы жаттығулар 2-ші тамыздан бастап Орталық саябақтың басты сахнасының жанында аптасына үш рет өткізілетін болады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің сайты.
Шараға мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасының қызметкерлері бастамашы болып отыр. Ал қаладағы фитнес-орталығы кәсіби жаттықтырушыларының қызметін ұсынбақ."Біз Орталық саябақта бос уақытты қызықты өткізгіміз келеді. Таңғы жаттығулар келушілерге денсаулықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар жаңа адамдармен танысуға көмектеседі", - дейді саябақтар басқармасының директоры Мәдина Әшірова.
Кәсіби мамандардың басшылығымен қатысушылар бұлшық еттің түрлі топтарына арналған функционалдық жаттығуларды орындайды. Жаттығу ұзақтығы 40-45 минут.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қайрат» ұлттық құраманың екі ойыншысымен толықты
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы