Қарағандылық зейнеткерді 70 мың теңгеге алдап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде Қарағанды тұрғыны зейнеткерді алдап, ақшасын жымқырды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Биылғы 26 шілдеде сағат 13.00-де Бесқарағай АПБ-ға 64 жастағы зейнеткер хабарласып, 2021 жылдың 9 шілдесінде хабарландыру сайты арқылы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен қозғалтқышты сатып алғаны үшін 70 000 теңге сомасында алдын ала төлем алған белгісіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады, - делінген хабарламада.Бесқарағай АПБ криминалдық полиция тобының қызметкерлері 45 жастағы қарағандылықтың зейнеткерді алдағанын анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы