Қарағандылық спортшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан жасөспірімдер арасында Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен халықаралық турнирде қарағандылық Сұлтан Аянов бірінші орын жеңіп алды.

10 мемлекет қатысқан «Stars» турнирде 26 кг салмақ дәрежесінде Қарағандыдан барған жерлесіміз өз салмағы бойынша бірінші орынды қанжығасына байлады.

Сұлтан Аяновтың бапкері Сергей Раков. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Максим Раковтың әкесі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы