Қарағандылық құтқарушылар оқу жаттығуын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық құтқарушылар қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығын көрсетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу шеңберінде өтті.
Бірінші эпизодтың аңызы бойынша, далада қатты боран соғып, үш адам қаза тапты. Шартты түрде зардап шеккендер «112» нөміріне қоңырау шалып, өздерінің координаттарын бере алды. Құтқарушылар тобы жедел көмекке аттанды. Іздеуде кинологтардың көмегіне жүгінуге тура келді. Зардап шеккендер табылды, эвакуацияланды және апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
Екінші эпизодқа құтқарушы-сүңгуірлер қатысты. Олар адамдарды мұз астына түсіп кеткен көліктен құтқару дағдыларын көрсетті.
Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ жедел-құтқару құрамалары, 52859 әскери бөлімі, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдар жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденді жеңісімен құттықтады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы