Қарағандылық кәсіпорын үш жыл бойы Қытайға темір рудасын заңсыз сатып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді.

2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізген. Бұл ретте, сомасы 1,1 млрд теңге болатын пайда тапқан - деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қаржылық мониторинг комитеті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін қозғады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы