Қарағандыда сегіз вагон рельстен шығып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий разрезі» ЖШС жүргізіп жатыр.
Бұған дейін де Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп аударылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада Айтматов көшесінде жерасты өткелі пайдалануға берілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы