Қарағандыдағы өртте 10 автокөлік пен мотоцикл жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда техникалық қызмет көрсету стансасында алапат өрт болды. Онда 10 көлік пен мотоцикл жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы бір ғана көлікті құтқарып үлгерді.
Техникалық қызмет көрсету стансасындағы қабырға құлаған кезде жалын тұрғын үйге жайылды. Өртті толықтай сөндіруге 50 адам жұмыдырылды.
Өрттің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі – жылыту пешін орнату кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, - деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында төрт мұғалім коронавирус жұқтырған
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы