Қарағандыда тұрғындар ЛГБТ өкілдерін қаладан қуып шықпақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді, деп хабарлады Polisia.kz.
28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келді.
Наразылық танытқан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Абай көшесі, 8 үй мекенжайындағы бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналды.
Қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап етті. Оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды.
Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды.
Қазір қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды.
Айта кету керек, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті бұзуға және тәртіпсіздіктерге жол берілмеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде 9 мыңнан астам жаңа көше шамы орнатылды
Өзгелердің жаңалығы