Қарағандыда «Тілдер мен мәдениеттер диалогы» форумы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда 16-18 тамыз аралығында «Тілдер мен мәдениеттер диалогы» форум-кездесуі өтеді, деп хабаралды  karaganda-region.gov.kz. 

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Форумға қатысушылар қатарында – «Мұхтар Әуезов» қорының директоры, ғалым, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, тарих ғылымдарының докторы Марат Семби, Қазақстандағы Украинаның құрметті консулы бар. 

"Форум бағдарламасына – «Адам! Мың жыл бойы жалын мен суықтан өтіп келесің...», «...Адам болам десеңіз... Абай» панельдік пікірталастар өтеді. Шара аясында «Әдеби клуб» ашылады. Оған құрметті қонақтар, сондай-ақ өңірде танымал жазушылар, ақындар, ғалымдар, журналистер, филологтар қатысады. Бағдарламада шығармашылық пен шабыт туралы әңгімелер, Қарағанды поэтикалық бірлестіктеріне қатысушылардың баяндамалары оқылады", - делінген таратылған ақпаратта

Форум күндері сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қонақтар мен қатысушылар Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында болып, Бұқар жырау Қалқаманұлының ескерткіш мемориалына барады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы