Қарағандыда саяжайларда ұрлық жасаған күдіктілер қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда саяжайлардан бірнеше ұрлық жасаған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамырда 37 жасар қала тұрғынының арызы Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне келіп түсті. Жәбірленуші әйелдің хабарлауынша, белгісіз адам пластикалық терезе жақтауын сындырып, саяжайға кірген. Ұрылар бұрғылаушы, ұнтақтағыш, су сорғышты, үш ұзартқыш сым, комбинезон және басқа да құралдар жиынтығын ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 655 мың теңгені құрайды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді 33 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады.
Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.