Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда салынып жатқан «Сапфир» тұрғын үй кешенінде тас қалаушы болып жүрген жұмысшы 9-қабаттан құлап, мерт болды.
Бұл туралы Патриот telegram-каналында хабарланды.
Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте 18:20 шамасында болған. 2001 жылы туған жұмысшы № 349 құрылыстың № 137 есептік кварталында жұмыс істеген. Алдын ала мәлімет бойынша ол 9-қабаттан құлаған. Алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен, - делінген telegram-каналда.
Мәлімет бойынша марқұмның есімі Абзал Бөгетұлы Қорабай болған. Құрылыс алаңында ол ағасымен және әкесімен бірге жұмыс істеген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Қарағанды облысы ПД хабарламасында.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Айта кетейік, аталған құрылыс алаңында 20 тас қалаушы, төрт монолитші, бес электрмонтаждаушы, екі краншы және бір жүк тиеуші жұмыс істейді екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қала күні Алматыда жаңа креативті кеңістік таныстырылды
Өзгелердің жаңалығы