Қарағандыда күкірт қышқылын тасып бара жатқан жүк көлігі аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Экология департаментінің баспасөз қызметі «Алматы-Екатеринбург» автожолында күкірт қышқылының төгілуіне қатысты түсініктеме берді.

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті ағымдағы жылдың 26 желтоқсаны сағат 06:00 шамасында Шет ауданында Қошқарбай ауылынан 2 шақырым жердегі «Алматы-Екатеринбург» автожолының 912-шақырымында «MAZ»маркалы жүк көлігі аударылғанын хабарлайды.


Осы хабарлама бойынша экология департаментінің мамандары топырақ сынамаларын алу үшін оқиға орнына шықты.

Қызметкерлер келгеннен кейін «MAZ» маркалы жүк автокөлігі аударылып кеткені анықталды (сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, жүк - күкірт қышқылы, «Sary-Arka Сopper Processing» ЖШС тиесілі) салдарынан ашық жерге күкірт қышқылы төгілді.

Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы мөлшері шамамен 20 тоннаны құрады, 8 тонна күкірт қышқылы төгілді. Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыс «SaryArka Copper Processing» ЖШС күшімен жүзеге асырылуда. Топырақ сынамаларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы