Қарағандыда қорғаныш респираторларын шығаратын цех ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды, деп жазды «Хабар 24».
Бір ерекшелігі, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайды. Тәулігіне 10 мыңға жуық дайын респираторды қаптайды.
Колледж бітірген соң осында келгем. Осында істеп жүргеніме 4 жыл болды. Айлығым 69 мың теңге, - дейді цех жұмысшысы Алмаз Дайыров.
Басшылық жақында ғана Қытайдан құрылғы сатып әкелген. Алдағы уақытта айлық өнімді 1 млн-ға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Тауарды патенттеп те үлгерген. Қытайдың осыған ұқсас қорғаныш заттарынан гөрі Қарағандыда жасалған респираторлар әлдеқайда сапалы.
Біздегі қорғаныш қатары 4 қабаттан тұрады. Қазір бірқатар кәсіпорындармен келісімшартқа отырдық. Алдағы уақытта Ресейге де шығару жоспары бар. Қазір бізде 30-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қызметкерлер саны 100-ге дейін жетеді. Егер жұмысшылар саны артатын болса, кәсіпорын басшылығы оларды өздері оқытып алмақ. Тіпті жауапты мамандармен келіссөз жүргізіп қойған. Тек ғимараттың тарлығы қолбайлау болып отыр, - дейді цех басшысының орынбасары Ақылбек Бекенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы