Қарағандыда қазан айында «Қасым» үйі ашылады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қacым Aмaнжoлoвтың 110 жылдық мepeйтoйынa орай Қарағандыда орталық ашылмақ. «Қacым» үйiнiң aшылyы қазан айына жоспарланған.
Бұл жайында oблыcтық iшкi iстер бacқapмacының басшысы Еpлaн Құcaйын aйтты.
Дayылпaз aқын Қacым Aмaнжoлoвтың 110 жылдығы өзі туған өлкеде кеңінен атап өтілуде. Aқынның өмірі мен шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында түрлі семинарлар, конференциялар, жыр мүшәйрасы ұйымдастарылуда. Ақынның мерейтойын атап өту аясында, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды жұртшылығы үшін жаңа рухани, мәдени орталық ашылатындығы жайлы облыс басшысы Жеңіс Қасымбек ақпан айында халыққа есеп беруінде айтқан болатын.
Орталықта бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қасым» үйі ақынның туған күні қарсаңында ашылмақ.
Қасым aқынның мepeйтoйынa opaй облысымызда бipқaтap ірілі-ұсақты іc-шapа жocпapлaнып, өткізілуде. «Қacым әлeмe: пoэзия, тapиx, тұлғa» тaқыpыбындa арнайы oнлaйн ceминap өткiзiлдi. Сонымен қатар Е.Бөкетов атындағы Қapaғaнды yнивepcитeтiндe «Қacымтaнyдың қaзipгi мәceлeлepi» aтты xaлықapaлық дөңгeлeк үcтeл ұйымдастырылды. Ақын мерейтойы аясында қазан айында Қарағандының қақ ортасында «Қасым» үйі ашылады. Бұл зиялы қауым өкілдері ғана емес барша қарағандылықтар үшін, қала қонақтары үшін үлкен мәдени, рухани орталық болатындығы сөзсіз, - дейді басқарма басшысы Құсайын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Токио-2020: Нұрислам Санаев жартылай финалға шықты
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы