Қарағандыда геология және металлургия саласын дамыту жолдары талқыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 және 15 маусымда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылым, білім және өндірістің интеграциясы - Ұлт жоспарын жүзеге асырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Оған Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Украина, Венгрия, Болгария, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.
«Сағынов оқулары» атты конференцияда білім беру, энергетика, геология, логистика, машина жасау, химия-билогиялық және басқа да ғылымдарды дамыту мәселелері талқыланады. Іс-шара аясында 13 отырыс өтеді, онда Ұлыбритания, Венгрия, Ресей, Украина және Қазақстан институттарының өкілдері қатысады.
Секциялық отырыстарға Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің 104 ғылыми және өндірістік ұйымдарынан барлығы 665 баяндама келіп түсті. Онда Smart және IT-технологияларға ерекше назар аударылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда Kóshpendiler Álemi этномәдени фестивалі өтеді
Өзгелердің жаңалығы