Қарағандыда ер адам дүкеннен 30 мың теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда дүкеннен ақша ұрлаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде 55 жастағы әйел Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші кәсіпкер екенін және саудамен айналысатынын түсіндірtді. Өзіне тиесілі дүкенде белгісіз біреу кассадан 30 мың теңгені ұрлап кеткенін анықтаған.
Сату орнында орнатылған бейнекамера арқылы полиция ұрыны анықтады. Бұл құқық қорғау органдарында мүліктік қылмыстар жасауға бейім адам ретінде тіркелген 34 жастағы ер адам болып шықты.
Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 24 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.